Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 20 пәтерлі тұрғын үй карантинге жабылды

Опубликовано:

Көкшетауда 20 пәтерлі тұрғын үй карантинге жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Айта кетейік, 1 сәуірде Көкшетау қаласында коронавирус инфекциясының жұғуының алғашқы жағдайы анықталған болатын. Оны бірден жедел жәрдем қызметі Әуелбеков көшесінің бойындағы 167 үйдегі пәтерінен алып кетті. Осыдан кейін тұрғын үй карантинге жабылды.

Үш тәртіп сақшысынан тұратын бірінші ауысым таңғы сағат 09:00-ден кешкі 21:00-ге дейін. Екінші ауысым кешкі сағат 21:00-ден таңғы 09:00-ге дейін кезекшілікте болады. Бұл подъезге кіріп, шығуға қатаң тыйым салынған. Қажетті азық – түлік пен дәрі-дәрмекті маска, қолға киген туыстары мен еріктілер жеткізіп береді. Сонымен қатар, ақпарат алмасу үшін аталмыш үйдің тұрғындарынан "WhatsApp" мессенджерінде топ ашылған.

"Енгізілген бұл шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қалада панемияның өзге адамдарға таралауын тоқтатуға бағытталған",- дейді Көкшетау қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Асқат Кенжетаев.

Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуір күні Ақмола облысында қатты дауыл соғып, бір адам көз жұмды. Зардап шеккендер де бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849550-kksetauda-20-pterli-trgyn-j-karantinge-zabyldy/

pixel