Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа рекорд: АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңға жетті

Опубликовано:

Америка Құрама Штаттары әлемде коронавирус жұқтырғандардың ең көп саны тіркелген ел болып қала береді. 2020 жылдың 8 сәуірінде, таңғы уақытта Трамп басқаратын елде инфекция жұқтырудың 400 мың дерегі анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңға жетті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Worldometers статистикалық қорының мәліметтері АҚШ-та анықталған COVID-19 жұқтырғандар саны жаңа рекордтық деңгейге жеткенін көрсетеді.

Сонымен қатар, ғаламдық инфекция жұқтыру статистикасы 1 миллион 431 мың адамға жақындады. Көп ұзамай әлемде ауру жұқтырғандар саны бір жарым миллионнан асады.

COVID-19-дан тәуліктік өлім-жітім деңгейі де АҚШ-та жаңа рекорд орнатты: өткен тәулікте елде 1970 адам қайтыс болған.

Ал көз жұмғандардың жалпы саны 13 мыңға жетті. Алайда Италия мен Испанияда олардың саны басым. Десе де, атап өту керек, вирус жұқтырып, тірі қалғандардың саны да өсуде.

8 сәуір күнгі таңертеңгі уақыттағы қорытынды бойынша, АҚШ-тағы коронавирус статистикасы мынадай:

Тіркелген жағдайлар: 400,335;

Көз жұмғандар: 12 841 адам;

Сауығып шыққандар: 21 674 адам.

Естеріңізге сала кетейік, әлемде коронавирус инфекциясын 1,5 миллионға жуық адам жұқтырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849584-zaa-rekord-aks-ta-koronavirus-zktyrgandar-sany-400-myga-zetti/

pixel