Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев медицина мамандарының коронавирус жұқтырып жатқанына алаңдаушылық білдірді

Опубликовано:

Ақордада мемлекет басшысы Қасым Жомарт Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында президент медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатып отырғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram
"Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатып отыр. Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері. Бұған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі және қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болуда.
Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Науқастарды емдейтін медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын ерекше бақылауға алу керек.
Олар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, дем алатын және уақытша тұратын жерлерін де мұқият ойластырған жөн", - деді Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус жұқтырып алған жамбылдық инфекционист Толқынай Ордабаева әлеуметтік желіде өзі қызмет ететін ауруханада медицина қызметкерлерін маска тігуге мәжбүрлегенін, жұмыста ешқандай маска мен қорғаныш құралдары берілмейтінін, бұның барлығы иммунитеттің әлсіреуіне алып келгенін айтып, шағымданған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850119-tokaev-medicina-mamandaryny-koronavirus-zktyryp-zatkanyna-aladausylyk-bildirdi/

pixel