Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Студенттер 42500 теңге әлеуметтік төлемді ала ма

Жарияланған күні:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жоғарғы оқу орнында білім алатын студенттер 42500 теңге ала ма деген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, көптеген студенттер коронавирус індетіне байланысты енгізілген ТЖ режиміне дейін қызмет көрсету орындарында жұмыс істеген.

Билік тарапы қойған шектеулерге сәйкес, олар кірісінен айырылған.

Министр бұндай студенттер стипендиямен қатар 42,5 мың теңге көлеміндегі арнайы жәрдемақы алуға өтініш бере алатынын айтты.

Олардың ресми немесе бейресми жұмыс істегені маңызды емес.

"Егер сіз төтенше жағдайға дейін ақша тауып, кірісіңізден айырылсаңыз, демек сіз моральдық құқыққа иесіз. Біз оған қарамаймыз", - деді Нұрымбетов.

Министрдің сөзінше, бүгінде 3 миллионнан аса адамнан бес миллионға жуық өтініш түскен.

Жалпы 1,779 млн адамға жәрдемақы берілген белгілі болды.

Біржан Нұрымбетов төтенше жағдайға байланысты ресми және бейресми жұмыс істеген және табыстарынан айрылған адамдар үшін 42,5 мың теңге көлемінде төлем қарастырылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ол кімдерге жәрдемақы берілмейтінін ашып айтты.

"Егер сіз төтенше жағдай режиміне дейін жұмыс істемесеңіз, ешқандай ақша таппаған болсаңыз, онда бұл төлем сізге берілмейді", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Біржан Нұрымбетов 42500 теңге неліктен кешіктіріліп жатқанын түсіндірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850418-studentter-42500-tege-ala-ma/