Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖ кезінде берілетін 42500 теңге неге кешіктіріліп жатыр

Опубликовано:

Қазір көпшілік елде Төтенше жағдай кезінде берілетін 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақыны ала алмай, әуре-сарсаңға салынып жүр. Ал халықты әбігерге түсірген қаржы неге кешіктіріліп жатыр? Бұл сұраққа Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ТЖ кезінде берілетін 42500 теңге неге кешіктіріліп жатыр
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

Министрдің сөзінше, қаражаттың халыққа тез арада берілмеуіне бірқатар себеп әсер етіп отыр.

Атап айтқанда, 60 мыңнан астам адам ЖСН нөмірін қате көрсеткен. Ал 83 мыңнан астам азамат есепшотты дұрыс жазбаған. Сондай-ақ, елде қайтыс болған адамдардың атынан өтініш жібергендер де табылған.

Нұрымбетов бір рет өтінім қабылданса, ТЖ мерзіміне дейін автоматты түрде 42500 төленетінін айтты. Демек, әлеуметтік жәрдемақыға үмітті азаматтарға екінші рет өтінім тастаудың қажеті жоқ.

Ал декреттегі әйел адамдар балалары 1 жылдан асқанда, тіркеусіз бір іспен айналысса, ЕСП (БЖТ) төлеп, өтінім бере алады.

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге қатысты қазақстандықтарды қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850399-tz-kezinde-beriletin-42500-tege-nege-kesiktirilip-zatyr/

pixel