Тағы 10 адамнан табылды: Елде коронавирус жұқтырғандар саны 1480-ге жетті
Жарияланған күні:
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам белгілі болды. Олар еліміздің әр өңірінен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандағы коронавирус бойынша 17 сәуір 12:25-тегі эпидемиологиялық жағдай:
COVID-19 инфекциясы анықталған 10 адамның бесеуі Нұр-Сұлтан қаласында, төртеуі Ақтөбе облысында, біреуі Түркістан облысында тіркелген.
Осы сағатта:
Нұр-Сұлтан қаласы – 333
Алматы қаласы – 461
Шымкент қаласы – 46
Ақмола облысы – 81
Ақтөбе облысы – 18
Алматы облысы – 29
Атырау облысы – 72
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Жамбыл облысы – 53
Батыс Қазақстан облысы – 30
Қарағанды облысы – 87
Қостанай облысы – 7
Қызылорда облысы – 143
Маңғыстау облысы – 12
Павлодар облысы – 15
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 56.
Қазақстан бойынша барлығы 1480 адам. Олардың 285-і жазылып шықса, 17 адам қайтыс болды.
Айта кетейік, 17-науқастың көз жұмғаны жайлы 16 сәуірде белгілі болды. Өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелді.
Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.
Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.
Сондай-ақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған елордадағы пациенттер жайлы айтқан еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851320-tagy-10-adamnan-tabyldy-elde-koronavirks-zktyrgan-sany-1480-ge-zetti/