Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Опубликовано:

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов қызметінен өз еркімен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
Фото: ATPress.kz, Рахим Койлыбаев: Instagram

Ғазизов Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2019 жылдың 30 желтоқсаны күні тағайындалған. Басқарма баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ол жұмыстан өз еркімен кеткен.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Байтолла Ғазизов Міндетті медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры болып істеген. Қазір өңірлік басқарма басшысы қызметінің міндетін атқару орынбасар Гүлнафис Танбаева жүктелді.

Айта кетейік, оңтүстік астананың полиция департаментінің қылмыстық бөлімін басқаратын Зиадин Жанболат қызметінен шеттетілді. Кортеждің бақылау бекетінен өтіп бара жатқаны бейнеленген видеодан кейін оған қарсы тексеру басталды.

Бұл кадрлар әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Полицияның мәліметінше, тәртіп бұзушылардың бәрі ұсталып, жауапқа тартылды - үш жүргізуші мен екі жолаушы әкімшілік қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Bentley көлігі жүргізушісінің блок-бекеттен қалай өтіп кеткенін көрсетіп, мақтанғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851486-atyrau-oblysy-densaulyk-saktau-baskarmasyny-bassysy-kyzmetinen-ketti/

pixel