Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арықтауға көмектеседі": Астаналық маман отпен массаж жасаудың құпиясын айтты

Опубликовано:

Бүгінде массаж алуға халық тарапынан сұраныс жоғары. Алайда, көпшілік массаждың қандай жағдайда қажет екенін және қандай аурулар асқынған кезде бас тарту керектігін біле бермейді. Елордадағы белді массаж орталығының жетекшісі Ұлболсын Мағзымталапқызы KAZ.NUR.KZ оқырмандарына аталған процес туралы қызықты деректерді ұсынды.

"Арықтауға көмектеседі": Астаналық маман отпен массаж жасаудың құпиясын айтты
Фото: Жеке мұрағат/ NUR.KZ: Original
"Массаждың адам ағзасына беретін әсері өте жоғары. Массаж арқылы барлық аурулардың алдын алуға болады. Мұны дәрісіз емделу десек, артық айтқанымз емес. Алайда, массажды жасауға болмайтын кездер де көп. Мәселен, дене қызуы жоғарылап, ішек жолдары функциясы бұзылса, тері аурулары қозып, рак белгілері байқалса және адам денесі ісінген жағдайда, сондай-ақ, әртүрлі қан аурулары, туберкулез бен операция кезінде массаж жасауға болмайды. Себебі, массаж кезінде қан айналымы өте жақсы жүреді де, қозып тұрған аурулардың белсенділігін одан сайын арттыра түседі", - дейді маман.

Сондай-ақ, Ұлболсын Мағзымталапқызы соңғы кезде қолданысқа енген отпен массаж жасауға да тоқталып өтті.

"Отпен жасалатын массаж адам ағзасын жақсартады. Ауыруды, адам денесіндегі гематомалар мен ісікті басып, денедегі суықты шығарып, қан айналымын жақсартады.
Сонымен қатар, жүйке жүйесін реттейді. Отпен массаж жасау арқылы көп жағдайда радикулит, остеохондроз, артрозоартиттерді, ұйқысыздықты емдеуге болады. Денедегі токсин мен шлагтарды шығарады. Адам денесіне жылу барғанда бітіп тұрған клеткалар ашылады да, толық қан айналымын жақсарады. Асқа тәбетін ашады. Массаждый бұл түрі мойын остеохондрозына, бел ауруына, әйелдердің салмақ тастауына көмектеседі. Бірақ үй жағдайын отпен масаж жасау аса қауіпті. Сол үшін тек қана маманның көмегіне жүгенген абзал", - дейді "Райян" орталығының маманы.
"Арықтауға көмектеседі": Астаналық маман отпен массаж жасаудың құпиясын айтты
Фото: Жеке мұрағат/ NUR.KZ: Original

Елордаға танымал маман адам денесіндегі массаж алуға болмайтын жерлерді де нақты атап өтті.

"Адамның барлық дене мүшесіне массаж жасауға болады. Тек ашық жара кезінде, операциядан кейін және қан аурулары пайда болғанда массажға рұқсат етілмейді. Бүгінде массаж алуға келетін адамдардың қатары көп. Өйткені, барлығы қозғалыссыз офисте отырады да, түрлі ауруды бойына жиып алады. Халықтың басым бөлігі остеохондроз, бас ауруы, ұйқысыздық, бұлшық ет қызметінің бұзылуы және бұлшық ет сіңірлерінің тартылуына байланысты массажға жиі жүгінеді", - дейді маман.

Сөз соңында Ұлболсын Мағзымталапқызы күні бойы кеңседе, компьютер алдында отыратын қызметкерлерге өз кеңесін айтты.

"Қазіргі уақытта жаңа туған сәбиден бастап, еңкейген қарияға дейін массаж қабылдаған дұрыс. Массаж - бұл дәрісіз емделу. Офисте отыратындардың 30-40 минут сайын желке мен басқа массаж жасағаны дұрыс. Бір-екі сағат ішінде 2-3 минуттан жаяу жүріп, аяқты жазып, жаттығу жасағаны дұрыс. Бұл қан айналымды реттейді. Отырған кезде аяқтың жанын жеңіл жұдырықпен ұрып шығу керек. Массаж адамның өмірін жақсартып қана қоймай, жасартатынын да ұмытпау керек", - дейді ол.

Айта кетейік, Алматы қаласында карантин кезінде эротикалық массажға барған төрт адам қолға түсті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851511-aryktauga-kmektesedi-astanalyk-maman-otpen-massaz-zasaudy-kpiasyn-ajtty/

pixel