Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда белгілі журналист Арман Шораев ұсталды

Опубликовано:

Белгілі журналист және қоғам қайраткері Арман Шораев Қарағанды қаласында құрықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда белгілі журналист Арман Шораев ұсталды
Фото: polisia.kz: UGC

Алматы қаласы полиция департаментінің мәлімдеуінше, Шораевты ұстауға "төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс негіз болған.

"Арман Шораев бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы шындыққа сай келмейтін көрінеу жалған мәліметтерді таратқан. Ол өз әрекеттерімен төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндірді.
Тергеу барысында Қарағанды қаласында ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды",- деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінде.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Батыс Қазақстан облысында 3,1 млн астам дана масканы Мәскеуге апара жатқандар ұсталды.

Ал Алматы қаласында жұмыстан түнгі ауысымнан қайтып келе жатқан полицей жол апатынан қаза тапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851543-karagandyda-belgili-zurnalist-arman-soraev-staldy/

pixel