Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ораза ұстаудың адам ағзасы үшін пайдасы қандай

Опубликовано:

Осы жылы Рамазан айы 24 сәуірден басталады. Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты бірқатар шектеулер енгізілсе де, еліміздің көптеген тұрғыны ораза ұстауға ниеттеніп жүр. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz-ке сілтеме жасап бес парыздың бірі-оразаның адам ағзасына қаншалықты пайдалы екеніне тоқталуды жөн көрді.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Оразаның пайдасы туралы көптеген ғалымдар жазған.

"Тамақ ішпеу әуелі аштықты ұғындырады. Алайда, ең маңыздысы – бауырдағы шекерлерді, тері астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы протеиндердің қимылын арттырады. Міне, осылайша ораза тканьдарымызды тазалап, өзгертіп отырады", - деп айтқан дәрігер Алекс Каррел.

Батыс Германияның Нордхейм Вестфален қаласындағы Рак аурулары институтының ғалымдары арнайы зерттеу нәтижесінде оразаның рак ауруынан сақтайтындығын жеткізген.

Профессор Требтің мәліметіне сүйенсек, ораза ұстаған адамда "адреналин және кортизон" деп аталатын гормондар көп мөлшерде қанға араласады. Дененің ең кіші жасушаларының азайып-көбеюін қамтамасыз ететін бұл гормондар бұл жасушалардың рак ауруына шалдықпауын қамтамасыз етеді.

Жалпы, "ауыз бекіту" ішек ауруларына, іш қатуға, кейбір тері ауруларының жақсаруына көмектеседі.

Бұл адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмды жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеты), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады.

Ол үшін сәресі мен ауызашар уақытында тым көп ас жемеу керек екен.

Ораза кезінде күндізгі уақыттарда қандағы холестерин деңгейі төмендейді. Тамырдың жақтауларында бірігіп қалған ескі холестерин қалдықтары бірте-бірте қан айналымына араласып, қаттылығын жоғалтады. Осыдан барып ең бір қорқынышты ауру "артериосклероз" (жүректің қысылуы және сал болу себептері (ораза мен дәреттің ортақ әсерімен) жойылады.

Басылым мәліметінше, жүрекке кері әсер ететін үш фактор бар: тамырдың қаттылығы, жүйкенің шаршауы, асқазанға ылғи да қысым түсетіндігі. Ораза ұстаған адам осының үшеуінен де зиян шекпейді.

Көп ас ішкеннен кейін денедегі бүкіл мүшелермен қатар, жүрек те шаршай бастайды. Бұндай жағдайда қан ми мен орталық жүйке жүйесінің жасушаларына толықтай жете алмайды.

Жүрек мамандары көп тамақтану мен жүрек талмасы арасында байланыс бар екенін айтады.

"Ораза дененің бүкіл жүйелеріне әсер етіп, денсаулығын арттыратын қасиетке ие. Алайда тек денсаулықты жақсарту ниетімен ораза ұстау дұрыс емес. Ораза ұстаудағы басты ниет – Алланың әмірін орындау болуы керек", - деп атап өтті басылым.

Айта кетейік бұған дейін Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ораза кестесін жариялаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851732-oraza-staudy-adam-agzasy-sin-pajdasy-kandaj/

pixel