Желіде пиццаға түкірген курьердің видеосы тарады

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде курьердің көпқабатты үйдің жеделсатысында тұрып, тапсырыс берушінің пиццасын қолмен ұстап, тамаққа түкіргені бейнелеген видео тарады. Бұл жағдай Екібастұз қаласында орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Екібастұзда курьер пиццаға түкірген (видео)
Фото: Видеодан кадр: Polisia.kz, zhaloba_ekibastuz: UGC

Желіде шу тудырған видео жеделсатыдағы бақылау камерасына жазылып қалған.

Бейнежазбада жеткізушінің пицца қорабын ашып, оны қолымен ұстағаны анық көрінеді. Видео авторының айтуынша, курьер пиццаға түкірген екен.

Құқық қорғау органдары материалды толық зерттеп, видеоның 18 сәуір күні жазылғанын анықтады. Видеодағы тапсырыс жеткізуші азамат та анықталып, жауапқа тартылған. Ол 19 жастағы жас жігіт болып шықты.

Полиция пиццаға тапсырыс берушінің арызданбағанын жеткізді. Ал курьер пиццериядағы жұмысынан қуылды.

Кейін әлеуметтік желіде пицца жеткізуші жігіттің өз әрекеті үшін кешірім сұраған видеосы пайда болды.

Естеріңізге сала кетсек, желіде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз ер адамның лифт батырмаларына түкіріп жатқан видеосы тарап кеткен еді. Полиция қызметкерлері бейнежазбадағы бұзақыны тапқанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851777-tapsyrusyny-piccasyna-tkirgen-kurer-atka-kaldy-video/