Артық салмағы бар адамдар үшін коронавирус неліктен қауіпті
Жарияланған күні:
Біріккен Араб Әмірліктері және Канаданың ғалымдары коронавирус инфекциясын жұқтырудың ауыр түрі неліктен артық салмағы бар және семіздікпен ауыратын адамдарда жиі кездесетінін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Ғылыми материалдар жарық көретін bioRxiv ресурсында жарияланған ғалымдардың зерттеу нәтижесіне сүйенсек, сезімдік коронавирустың өкпе жасушаларына енуіне көмектесетін рецепторларды дайындауға ықпал етеді екен.
"Біз тәжірибе жасап, қалыпты салмақты сегіз тышқан мен семіздікпен ауыратын сегіз тышқанды салыстырдық. Нәтижесі көрсеткендей, артық салмағы бар тышқандарда ACE2 ақуызын өндіру деңгейі едәуір жоғары болды. Оның үстіне бұл өзгерістер негізінен өкпе тінінде байқалған. Бұл неліктен семіздік COVID-19-дың ауыр формасының дамуын ұлғайтады деген сауалға түсінік бола алады", – делінген баяндамада.
Ғалымдар липид алмасу ретінің бұзылуына байланысты SARS-CoV-2 инфекциясы мен семіздіктің ортақ даму жолдары бар екенін анықтады. Осылайша, зерттеушілер жоғары қабылдағыштық пен артық салмақ арасындағы байланысты бағалау үшін сараптама жасауды ұйғарған.
Зерттеу нәтижесі артық салмақ SARS-CoV-2 жасушаға енуге көмектесетін ACE2 гені белсенділігін арттыратынын көрсетті. Одан бөлек, вирус семіру кезінде жұмысы бұзылатын лептинмен байланысты генге едәуір ықпал еткен.
Ғалымдар диабетпен ауыратын және холестерин концентрациясының жоғарылаған адамдардың ағзасында да вирустың осылай дамуын болжап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін диетолог маман карантинде сериал көріп, тамақ жейтін адамдарды қатаң сынға алғанын жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851822-artyk-salmagy-bar-adamdarda-covid-19-infekciasyn-zktyru-kaupi-nelikten-zogary/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.