Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде автобуста ұрлаған ақшаны ұлтарағының астына жасырған ұры ұсталды

Опубликовано:

20 сәуір күні Өскемен полициясына тұрғын хабарласып, қоғамдық көліктегі ұрлық туралы мәлімдейді. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні құрықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

"Ұрланған ақшаны аяқкиіміне тыққан": Өскеменде ұры қолға түсті
Фото: pixabay.com: UGC

Ұсталған күдіктіден жәбірленуші қыздың әмияны табылды. Алайда 23 000 теңге кем болып шығады. Жекелей тексеру кезінде әмияндағы жетіспей тұрған сома күдіктінің ұлтарағының астынан табылған.

Қолды болған әмиян бар ақшасымен иесіне қайтарылды.

Ал бұған дейін сотталған ер адам өз кінәсін мойындады. Өскемен қаласы ПБ баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ақшаны автобуста яғни бойжеткен жол жүру билетін алғанда байқаған.

Осыдан кейін сөмкеден әмиянды алып, жасырынып қалмақ болған.

Қазіргі кезде бұл жайтақ қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысының тәртіп сақшылары жаназа кезінде ұялы телефон ұрлаған әйел адамды әшкерелегенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Алматы облысында мешіттен садақа жәшігін ұрлаған күдіктінің қылмысы ашылған болатын.

Ол ұсынылған дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851916-skemende-avtobusta-rlagan-aksany-ltaragyny-astyna-zasyrgan-ry-staldy/

pixel