Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болашақ жарына жазба арнаған модель көпшіліктің арманына айналды

Опубликовано:

Белоруссиядан шыққан 21 жастағы Полина Малиновская бүгінде Италиядан тұрып жатыр. Ол өзінің Instagram парақшасында өз суреттерін жариялап, көз тартар сұлулығымен көпшіліктің назарын аударған. Алайда арудың желіге жариялаған соңғы жазбасыдеп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Модель болашақ жарына жазба арнап, көпшіліктің арманына айналды
Фото: instagram.com/polinamalinovskaya: UGC

Желіге түрлі суреттер жүктегенді ұнататын ару бұл жолы да байссейннің жанында түскен туындысымен бөлісуді құп көрген.

Ол өзі бейнеленген жазба астына: "Құрметті болашақ жарым, өтінемін, бір нәрсені біліп ал, мен ешқашан бұрынғы әйел болмаймын. Тек жесір әйел бола аламын" деп жазды.

Жантүршігерлік жазбаға қарамастан оқырмандар модельдің бұл суретіне лүпіл қоюдан жалтармаған.

Алайда оқырмандардың арасында сөйлемнің мәніне емес, құрылысына мән бергендер де бар. Олар бойжеткеннің жазбасынан қате тауып, оны бетіне басыпты.

Естеріңізге сала кетейік, Балиде екі қабатты виллада тұратын блогерлер карантинге шағымданып, елдің шамына тигені туралы жазған едік.

Қос ғашық төрт қабырғаға қамалып қалғанын айтып, басы дауға қалған. Көпшілік олардың орнында кез келген адам болғысы келетінін айтып, даурыққан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852013-bolasak-zaryna-zazba-arnagan-model-kpsilikti-armanyna-ajnaldy/