Қырғызстан коронавируспен ауырудың шарықтау шегіне жетті
Опубликовано:
Бүгін Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Үсенбаев баспасөз мәслихаты кезінде қырғыз елі коронавируспен ауырудың шарықтау шегіне жеткенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
![Қырғыз Республикасы коронавируспен ауырудың шекті көрсеткішіне жетті Қырғыз Республикасы коронавируспен ауырудың шекті көрсеткішіне жетті](https://cdn.nur.kz/images/1120/a7b9e7d3bb519b67.jpeg)
"Бүгін ауру жұқтырған 38 адам ауруханадан шығарылады және 19 жаңа жағдай тіркелді. Бұл сандар арасындағы айырмашылық жақсы көрсеткішті меңзейді. Маман ретінде коронавируспен ауырудың шекті деңгейіне жеткенімізді болжап отырмын", – дейді министрдің орынбасары.
Айта кетейік, жалпы қырғыз елінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған адам саны 631-ге жетіп отыр. Оның 162-сі медицина қызметкері мен 12-сі құқық қорғау органдарының қызметкері.
Елде вирустан 8 адам көз жұмса, 302-сі оны жеңіп шыққан.
Алдын ала дерек бойынша 9 мыңға жуық адам науқастармен байланыста болған.
Коронавирустың таралуына байланысты елде төтенше жағдай режимі енгізілген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков үкіметтің екі мүшесін, атап айтқанда вице-премьер Алтынай Өмірбекова мен Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Космосбек Чолпонбаевты қызметінен босатқаны жайлы жазған болатынбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852453-kyrgyzstan-koronaviruspen-auyrudy-saryktau-segine-zetti/