Жээнбеков қауіпті індет кезінде денсаулық министрін қызметінен босатты
Жарияланған күні:
Қырғызcтан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков үкіметтің екі мүшесін, атап айтқанда вице-премьер Өмірбекова мен Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Чолпонбаевты қызметінен босатты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Тиісті қаулы осы жылдың 1 сәуірінде Қырғызстан президентінің ресми сайтында пайда болды.
Жээнбековтің жарлығына сәйкес, Алтынай Өмірбекова мен Космосбек Чолпонбаев өз қызметтерінен босады.
Бұған дейін қырғыз басшысы елдің Қауіпсіздік Кеңесінің шағын құрамда отырысын өткізіп, онда коронавирустың таралуына байланысты үкіметтің бірқатар мүшелерін сынға алған болатын. Атап айтқанда, ел президенті денсаулық сақтау министрінінің жұмысына көңілі толмайтынын білдірген.
Осы кездесудің қорытындысы бойынша Қырғызстан Республикасы премьер-министріне үкіметтің бірқатар шенеуніктеріне қарсы шара қолдану ұсынылды.
РИА Новости мәліметінше, қазіргі уақытта Қырғызстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 111-ге жеткен.
Осыған байланысты Республика бойынша төтенше жағдай режимі енгізілді.
Айта кетейік, АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны 3 415 адамға жеткен. Ал эпидемияның ошағы саналатын Қытайда вирустан қайтыс болған 3 309 адам тіркелген.
Әлемде пандемия құрбандарының саны бойынша Италия көш бастап тұр. Ол жерде қатерлі дерттен он екі мыңнан астам адам көз жұмған.
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырудың 823 мыңнан аса дерегі тіркелген. Статистикаға сәйкес, бұл көрсеткіш бойынша АҚШ көш бастап тұр. Онда инфекцияны 175 мың адам жұқтырған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848399-zeenbekov-kauipti-indet-kezinde-densaulyk-ministrin-kyzmetinen-bosatty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.