Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ер азамат қалыңдығын "багажға" жасырып, блок-бекеттен өтпекші болған (видео)

Опубликовано:

Қарағанды облысында Audi көлігінің жүргізушісі болашақ жарын блок-бекет арқылы өткізбек болған. Алайда оның ойлағаны іске аспады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысының полицейлері көліктің жүксалғышынан қалыңдықты тапты (видео)
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оқиға Мұстафин ауылы маңындағы бекетте болған. Ол жерде кезекшілікте тұрған тәртіп сақшылары Audi көлігін тоқтатады.

Көлікті тексеру кезінде оның жүксалғышынан жасы 35-тегі әйел адам табылды. Ол бақылау пунктінен өтіп кету үшін көлікте жасырынып отырған.

Polisia.kz-тің мәліметінше, бұған қатысты жауап берген Audi жүргізушісі өзінің болашақта үйленгелі жүрген сүйіктісін жүксалғышқа салып, блок-бекеттен өткізбек болғанын айтқан.

Қазір олардың екеуіне де төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін хаттамалар толтырылды. Тұрғындар 27 мың теңгеден аса айыппұл төлеуі немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Белгілі болғандай, бұл - бақылау бекеті арқылы адамдарды заңсыз өткізудің алғашқы жағдайы емес екен. Жуырда "Lada Priora" маркалы тағы бір автокөліктің жүксалғышынан көлік жүргізушісының танысы табылған. Олар да бақылау-өткізу бекетінен өтпек болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында блок-бекетті айналып өтпек болған тұрғынның қамауға алынғаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852714-karagandy-oblysynda-er-azamat-kalydygyn-bagazga-zasyryp-blok-beketten-tpeksi-bolgan-video/

pixel