jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Өз бетімен тұра алмайды": КХДР-дің экс-дипломаты Ким Чен Ынның жағдайын айтты

: UGC

КХДР-дің бұрынғы дипломаты Те Ён Хо ел басшысының денсаулығына байланысты проблемалардың болуы мүмкін екенін растады. Оның сөзінше, Ким Чен Ынның жағдайы туралы сенімді ақпаратты бірнеше адам ғана бере алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ким Чен Ын. Фото: The Asahi Shimbun/Getty Images
Ким Чен Ын. Фото: The Asahi Shimbun/Getty Images: UGC

Тэ Ён Хо - КХДР-дің бұрынғы дипломаты, ал қазір Оңтүстік Корея парламентінің депутаты.

Ол Ким Чен Ынның денсаулығы жақсы емес деген пікірді жоққа шығармайды.

Бірақ Тэ Ён Хо бұқаралық ақпарат құралдарында саясаткердің жағдайы туралы жарияланған көп ақпараттың шындыққа жанаспайтынын да жасырған жоқ.

Ол ел басшысының денсаулығына қатысты мәліметті бірнеше адам ғана айта алатынын жеткізді.

Бұрынғы дипломат CNN телеарнасына Ким Чен Ынның мемлекеттік негізгі мерекеде болмауы оның ауруы туралы болжамды дәлелдейтінін айтты.

"КХДР тұрғындары үшін басты мейрамда ел басшысының қатыспауы шынымен алаңдатады. Оған ота жасағанын немесе басқа бірдеңе болғанын нақты айта алмаймын, бірақ бір нәрсе нақты - ол өз бетімен тұра алмайды", - деді ол.

Дипломат Ким Чен Ынның жағдайы туралы сенімді ақпаратты кім бере алатынын атап өтті.

"Оның жағдайы туралы мәліметтерді кім растай алады. Әрине әйелі, әпкесі және жақын көмекшілері. Операция туралы түрлі басылымдар қазір жазып жатыр, менің ойымша, бұл хабарламалар фактілерге негізделмеген", - деп сөзін толықтырды Тэ Ён Хо.

Еске сала кетейік, 25 сәуір күні америкалық New York Post басылымы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғанын мәлім етті. Алайда, кейіннен бұл мәлімет жоққа шығарылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

"Өз бетімен тұра алмайды": КХДР-дің экс-дипломаты Ким Чен Ынның жағдайын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.