RU

Шетелдік БАҚ: Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын қайтыс болды

New York Post америкалық басылымы 25 сәуір күні Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ким Чен Ын. Фото: Pyeongyang Press Corps/Pool/Getty Images
Ким Чен Ын. Фото: Pyeongyang Press Corps/Pool/Getty Images: Facebook
Gazeta.ru дерегінше, Солтүстік Корея басшысының көз жұмғаны туралы деректер қытайлық Weibo әлеуметтік желісі арқылы тарап кеткен.

Осыған дейін жапониялық жергілікті басылымдар 36 жастағы Ким Чен Ын жүрегіне жасаған отадан кейін "вегетативті жағдайға" түскенін хабарлаған.

Алдын-ала мәлімет бойынша, Ким Чен Ын сәтсіз операциядан кейін көз жүмған. Басылым беттерінде ота кезінде хирургтың қолы "дірілдегені" жазылды.

Айта кетейік, Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат әлі шыққан жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852890-seteldik-bak-soltstik-korea-bassysy-kim-cen-yn-kajtys-boldy/