Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшаққа отыру үшін анықтаманы қай жерден алуға болады

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі "Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және техниканы сараптау Ұлттық орталығының" бас директоры Арнұр Нұртаев коронавирус инфекциясына тест тапсырып, ұшаққа отыру үшін анықтаманы қай жерден алуға болатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ұшаққа отыру үшін анықтаманы қай жерден алуға болады
Көрнекі фото: zakon.kz: Twitter
"Инфекцияға тексерілу үшін біздегі зертханалардың біріне хабарласуыңыз керек. Бүгінгі таңда бізде ұлттық сараптама орталығының зертханасы, Алматы қаласындағы ұлттық денсаулық сақтау орталығының зертханасы, Алматыдағы Medical Partners Korea зертханасы және осы жобаға қатысатын екі үлкен Olympus және Invivо желілік зертханалары бар. Тесттің құны әр жерде әртүрлі: бір ПТР зерттеуінің бағасы 9-10 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін", - деді Нұртаев.

Оның айтуынша, тест нәтижелері 24 сағат ішінде дайын болады.

"Жолаушыларға арналған тест нәтижелерінің жарамдылығы - 7 күн. Менің білуімше, экипаж мүшелері үшін ол екі аптаға, тіпті одан да көп уақытқа жарамды", - дейді ол.

Айта кетейік, 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшақтар ұша бастайды, бүгін қос қала арасындағы рейстердің билет құны да бекітілді. Ұшаққа отыру үшін жолаушының қолында теріс нәтижесі бар COVID-19 тесті туралы анықтама болуы керек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853390-sakka-otyru-sin-anyktamany-kaj-zerden-aluga-bolady/

pixel