Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұялы телефонды да үстіне жабыстырып алады": Атырауда тұратын "магнит адам" жайлы не білеміз

Опубликовано:

Атырауда Октябрь Жұмашев есімді "магнит адам" тұрады. Бұл ерекшелігін жас кезінен байқаған зейнеткер қазір сол мүмкіндігін ересектерге массаж жасауға пайдаланып жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Октябрь Жұмашев. Кадр Астана арнасы
Октябрь Жұмашев. Кадр Астана арнасы: Depositphotos

Өңірде Октябрь қарияны көпшілік ересектерге массаж жасайтын маман ретінде жақсы таниды.

Бірақ қазір карантинге байланысты, кәсібі тоқтап тұр. Қарт кісі мұндай ерекшелігін бұрыннан байқаған, бірақ мән бермепті.  

"Мән бермеймін ешқандай. Бір рет жасап көрдім, сосын өз-өзімді білдім. Қолмен емдеген кезде жұрт "қолың жанып тұрады ғой", - дейді. Массажға келген адамдар өздері сезеді, қолдан жылылық бар екенін", - дейді Атырау қаласының тұрғыны Октябрь Жұмашев.

Зейнеткер қасық, шанышқы, пышақ, темір тиындар, тіпті ұялы телефонды да үстіне жабыстырып алып, еркін қозғала алады.

70-тен асқан тұрғынның бұл ерекшелігін достары ғана біледі. Олар үнемі қызық көріп, жиі видеоға түсіреді екен.

Ал жергілікті ғалымның пайымынша, мұндай қасиет кез келген адамда кездеседі. Тек оны басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін көрінеді.

"Кез келген адамның қан бөлшектері оң зарядталған бөлшектер болып табылады. Олар қан жүйесімен қозғала отырып, әр адамның айналасында электромагниттік өріс туғызады. Бәріміз оны басқаруға тырыспаймыз. Бізге ол сол күйінде қала береді.
Кейбір жандар осы өрісті өздері басқара алады. Яғни магнит өрісін басқарып, оның күшін жоғарылататын болса, ол басқа айналасындағы қоршаған ортадағы металл заттарды, темірлерді тарту қабілетіне ие", - дейді Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің кандидаты Ардақ Аманқосова.

Маманның пікірінше, адам бар болғаны мидың 5 пайызын ғана қолданып жүр. Қалған 95 пайыз бөлігінде қандай мүмкіндік бар екені, адамзат үшін әлі күнге беймәлім.

Айта кетейік, жаңалыққа жаны құмар Октябрь қарт егде жасына қарамастан қазір ағылшын тілін үйреніп жүр. Оны меңгерген соң компьютердің қыр-сырына үңіліп көрмекші.

Б. Надирқызы

Еске сала кетейік, бұған дейін соткамен сөйлесудің ерекше әдісін тапқан ер адам жайлы жазған едік. Оның ұялы телефонды құлағына жабыстырып алған сәтінен видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853476-aly-telefondy-da-stine-zabystyryp-alady-atyrauda-tratyn-magnit-adam-zajly-ne-bilemiz/

pixel