Қазақстандықтар жыл соңына дейін маскамен жүретін болды
Жарияланған күні:
Дүние жүзі мен Қазақстан коронавируспен бірге өмір сүруді жалғастыра береді. Инфекция маусымдық ауруға жалғасады, ал санитарлық-эпидемиологиялық режим жыл соңына дейін сақталмақ. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға коронавирус инфекциясымен бірге өмір сүріп үйрену қажет екенін айтты.
"Карантин біткен күннің өзінде біз коронавируспен өмір сүре береміз, ол маусымдық дертке айналады", - деді ол.
Есмағамбетова дүние жүзінде жаз мезгілінде туындап, кейіннен әр жыл сайын пайда болып отырған құс тұмауын мысалға келтірді.
Осы себеппен Қазақстанда санитарлық- эпидемиологиялық режим 2020 жылдың соңына дейін жалғасады. Кәсіпорындар мен нысандар карантин біткен соң да залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, маска режимі мен тәртіпті сақтауға міндеттеледі.
Яғни, залалсыздыру және қорғану шаралары коронавирусты жеңген соң да жалғаса бермек.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3078- ге жетті. Бас санитар дәрігер елдегі ахуалға қатысты болжам ұсынды.
"Сәуір айының соңына дейін 3400 жағдай тіркелуі мүмкін. Ал мамыр айының аяғына дейін 5300 науқас анықталуы ықтимал. Жағдайлардың көбі шет мемлекеттерден келгендер арасында анықталып жатыр. Соңғы екі аптада осындай 200 дерек тіркелген. Біз болжамымызды ішкі қауіп негізінде реттегенбіз, бірақ бұл цифрлар сыртқы қауіптің де бар екенін көрсетеді",- деді Есмағамбетова.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853639-kazakstandyktar-zyl-soyna-dejin-maskamen-zretin-boldy/