jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Алматыда Мақтааралға көмек көрсету үшін арнайы штаб құрылды

: Instagram

Оңтүстік астанада су астында қалған Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмек көрсету штабы құрылды. Басты мақсаты - су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан зардап шеккен тұрғындарға қажетті заттарды жеткізуді ұйымдастыру. Штаб Алматы қалалық "Jas Otan" жастар қанатының бастамасымен ашылып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/jasotan_almaty/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/jasotan_almaty/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

"Мақтааралға көмек" атты штабтың құрылғаны туралы "Jas Otan" жастар қанатының Instagram парақшасында хабарланды.

Алматы жастары барша жанашыр қазақстандықтарды су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға көмек қолын созуға шақырады.

Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек көрсету үшін құрыған штаб оларға медициналық құрал-жабдық, дәрі-дәрмек, киім-кешек, ұзақ сақталатын азық-түлік, жөргек, гигиеналық заттармен барынша қамтамасыз етуді ұйымдастырумен айналысатын болады.

Қиын жағдайда қалған мақтааралдықтарға кез келген адам көмектесе алады. Ол үшін мына +7 778 258 82 36 байланыс нөміріне қоңырау шалып, өзіңіз ұсына алатын көмек жайында хабардар етуіңізге болады.

Айта кетейік, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы екі ауылды су басты. Бүгін таңғы сағат 08:00-де су Өргебас ауылына да жеткен.

Орын алған оқиғаға байланысты Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан Түркістан облысында 22 мыңнан астам эвакуацияланғанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Алматыда Мақтааралға көмек көрсету үшін арнайы штаб құрылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.