Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы балабақшалар жұмысын қашан бастайды

Жарияланған күні:

Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтандағы балабақшалар өз жұмысын жалғастыруына тікелей байланысты ережелер дайындау үстінде. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жұмысы төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтандағы балабақшалар жұмысын қашан бастайды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Елде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін елордадағы барлық мектепке дейінгі ұйымдар жұмысын уақытша тоқтатты. Бірақ көп ұзамай оларды қайта ашу жоспарланып отыр.

Елордадағы білім беру басқармасының хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі қаладағы балабақшалар жұмысын қайта жандандыратын ереже дайындап жатыр.

Басқарма басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, қазір қалада 55,7 мың бала баратын 377 мектепке дейінгі ұйым бар.

Оның айтуынша, олар төтенше жағдай аяқталғанға дейін жұмысын тоқтатқан. Қазір ведомство балабақшаларда қанша орын босағаны және қанша түлек шығатыны қарастырып жатыр. Балабақшаларға қабылдау қашан басталатыны туралы олар төтенше жағдай аяқталғанда хабарлауға уәде берді.

Сондай-ақ, Кадырова Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп жатқан ережелердің мазмұны туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, бұл ережелерде мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері міндетті түрде сақтауы тиіс санитарлық-дезинфекциялық нормалар көрсетіледі. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі кезекші топтардың жұмыс режимі көрсетіледі.

Порталдың хабарлауынша, балабақшалар жұмысын төтенше жағдай аяқталған кейін бастайды.

Естеріңізге сала кетсек, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 15 наурызда жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854347-nr-sltandagy-balabaksalar-zmysyn-kasan-bastajdy/