Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Нью-Йорк метросы өз тарихында алғаш рет түнгі жұмысын тоқтатпақ

Опубликовано:

Нью-Йорк метросы өз тарихында алғаш рет түнгі жұмысын тоқтатпақ. Сәрсенбі күні түнде қоғамдық көлік құралында дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Одан кейін пойыздар қайта жұмысқа кіріседі, тек ұзақ интервалмен қозғалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BBC орыс қызметіне сілтеме жасап.

Нью-Йорк метросы өз тарихында алғаш рет түнгі жұмысын тоқтатпақ
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомоның сөзінше, метрополитеннің тұрақты жұмысы пандемия қатері жоғалған кезде ғана қайта қалпына келеді.

"Сіз бірінші маған жаһандық панедмия қашан аяқталатынын айтыңыз, содан соң мен сізге 24 сағаттық метро жұмысы қашан тұрақталатынын айтамын", -деді ол баспасөз конференецияда журналистердің біріне.

Сәрсенбі түнгі сағат - ден бастап метроның 472 станциясынан тек шығуға болады. Бекеттерге қосымша мыңдаған полицей жіберіледі, олар вагондарға адам жоқ екеніне көз жеткізеді. Осыған дейін қала билігі метрополитен жолаушылары саны 90 пайызға азайып, метро пойыздарын үйсіздер паналағанын айтып, шағымданған еді.

Айта кетейік, әлемдегі коронавирус жағдайы туралы соңғы мәліметтер пайда болды: дүниежүзі бойынша ауру жұқтырғандар саны 3,7 миллионнан асып кетті, 257 мыңнан астам адам вирустың құрбанына айналды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854644-nu-jork-metrosy-z-tarihynda-algas-ret-tngi-zmysyn-toktatpak/

pixel