Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың мутацияға ұшырауы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры Дамир Көпжасаров коронавирус инфекциясының мутацияға ұшыруы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бұл туралы Көпжасаров онлайн брифинг барысында айтып берді.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры халықаралық және қазақстандық эпидемиологтардың бағалауынша, коронавируста циркуляция болатынын білдірді.

"Коронавирустың бұл түрі мутацияланатындай сипатқа ие. Яғни қандай да бір мутацияға ұшырауы мүмкін", - деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін Дамир Көпжасаров елімізде коронавирус инфекциясының екінші толқыны күзде болуы мүмкін екенін айтты.

"Тұрғындар вирустың бар екенін есте сақтау керек. Ол тек бізде емес, ешбір елде жойылмады. Ешқандай симптомсыз жүретін адамдар инфекцияны кез келген уақытта жұқтыра алады", - Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854910-densaulyk-saktau-ministrligi-koronavirus-mutaciaga-syrauy-mmkin-ekenin-ajtty/

pixel