jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында 99 жастағы соғыс ардагеріне екі бөлмелі үй сыйланды

: Facebook

Түркістан облысында Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері Рысмет Жұмағұловқа Ленгір қаласындағы 2 бөлмелі үйдің кілті табысталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

ррррр
Фото: kz.otyrar.kz: Facebook

Облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жету жолында елеулі үлес қосқан майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады.

75 жыл өткен Ұлы Отан соғысының 99 жастағы куәгері бұған дейін Ленгір қаласындағы жер үйде бала-шағасымен бірге тұрып келген.

Тоғыз ұл-қыз өсіріп, 50-ге жуық немере, шөбере, шөпшек сүйген ақсақал бүгінде үлкен әулеттің ұйытқысы болып отыр.

Жыл өткен сайын қатары сиреп бара жатқан ардагерлердің ерлігіне тағзым ретінде облыс әкімдігі көмек шаралары мен көптеген жеңілдіктер жасап тұрады.

Биыл Түркістан облысында тұратын 40 Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн. теңге, 8251 тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне – 30 000 теңге, 2 блокадалық Ленинградтың тұрғынына – 60 000 теңге белгіленген.

Бір реттік материалдық көмектің көлемі 8293 адамға жалпы көлемі 287 810,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде сәуір айында 5826 адамға 170990,0 мың теңгенің көмегі төленді. Жұмыстар жалғасуда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Түркістан облысында 99 жастағы соғыс ардагеріне екі бөлмелі үй сыйланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.