Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия қазақстандықтардың емделу үшін елге кіруіне рұқсат берді

Жарияланған күні:

20 мамырдан бастап Қазақстан азаматтарына елдің медициналық мекемелерінде емделу үшін Түркия шекарасынан өтуге рұқсат етіледі. Елге кіру үшін коронавирусқа тесті теріс нәтиже көрсеткен сертификат болуы керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия қазақстандықтардың емделу үшін елге кіруіне рұқсат берді
Фото: NUR.KZ: Original

2020 жылдың 20 мамырынан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат етіледі.

Бұл шешімді түрік үкіметі коронавирустық инфекцияның жаңа түріне (COVID-19) байланысты карантинді жеңілдету шаралары аясында қабылдады.

Сонымен қатар, Ирак, Ливия, Әзірбайжан, Греция, Ресей, Қазақстан, Украина, Өзбекстан, Грузия, Түрікменстан, Молдова, Қырғызстан, Джибути, Катар, Германия, Ұлыбритания және Нидерланды азаматтары үшін де рұқсат берілген.

Науқастар қолдана алатын қызметтер тізімі анықталды: ортопедия, травматология, жалпы хирургия, балалар хирургиясы, урология, көз аурулары, кардиология, онкология, нейрохирургия, гематология, репродуктивті терапия, мүшелер мен сүйек кемігін трансплантациялау.

Коронавирус тесті көрсеткен теріс нәтижелері бар пациенттер ғана шекарадан өте алады.

Түркияда емделуге ниет білдірген барлық шетелдіктер туралы ақпарат алдымен Халықаралық медициналық бақылау жүйесінде жария болады және алдын ала растау алғаннан кейін түрік медициналық мекемелерінде емделуге рұқсат беріледі.

Еске сала кетсек, Түркия 2020 жылғы жаз маусымынан бастап "Салауатты туризмді сертификациялау" бағдарламасын іске қосады. Олар шетелдік туристер үшін шекараны жаппайды. Бұл туралы елдің мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой мәлім еткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856116-trkia-kazakstandyktardy-emdelu-sin-elge-kiruine-rksat-berdi/