RU

Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салу облыстық деңгейде өтеді

Отандық танымал журналист Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты Алматы облысында арнайы комиссия құрылды. Тележүргізушіні соңғы сапарға шығарып салу облыстық деңгейде өтпек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейсен Құранбек. Фото: Instagram/beisenkuranbek
Бейсен Құранбек. Фото: Instagram/beisenkuranbek: Instagram

Бұл туралы өңір әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел Facebook парақшасында мәлім етті.

Оның хабарлауынша, облыстық комиссия Амандық Баталовтың тапсырмасымен құрылған.

"Белгілі журналист Бейсен Абайұлы Құранбектің қайтыс болуына орай, Амандық Баталовтың тапсырмасымен облыстық комиссия құрылды. Ағамызды соңғы сапарға шығарып салу облыстық деңгейде өтетін болады" , - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін, 18 мамыр күні белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің қайтыс болғаны хабарланды. Қаралы хабарды бірқатар отандық журналист жеткізді.

Сонымен қатар, көпшілік назарына Бейсен Құранбектің желіде жариялаған соңғы жазбасы ұсынылды. Ол өз туған күнінде ерекше ой-толғауымен бөліскен.

Танымал журналист өткен жылы асқазанындағы жарасын емдеп жатқанын хабарлаған болатын. Ол жансақтау бөлімінен шығып, жанын аман алып қалған ақ халаттыларға алғысын жаудырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856224-bejsen-kranbekti-sogy-saparga-sygaryp-salu-oblystyk-degejde-tedi/