Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде ұсталған видеосы тарады: Ахметбек Нұрсила оқиғаны өзі ойлап тапқанын айтты

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде белгілі кәсіпкер, бизнес-тренер Ахметбек Нұрсиланы әлдекімдердің ұстап алып кеткен видеосы тараған болатын. Бүгін аталған шулы оқиғаның мән-жайы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Ахметбек Нұрсила Youtube желісіндегі парақшасында оқиғаны өзі ойлап тапқанын мәлімдеді.

Ол бұл сәтке 5 жыл бойы дайындалғанын, халықты тексеру үшін осындай қадамға барғанын жеткізді.

"Біраз ағайындар, бұл хайпты не үшін жасайсың, халықтың сенімімен не үшін ойнайсың деп маған кішкене ренжуі де мүмкін. Оны мен түсіндіріп кетейін. Мен тексергім келді. Жалпы, халықтың болашағы бар ма, жоқ па? Негізі біраз адамдар, Ахметбек бұл хайпты не үшін жасадың, адамдардың сенімімен ойнап не керек, елді дүрліктіріп деп ренжуі де мүмкін. Менің бұл нәрселерді әдейі жасадым", - деді кәсіпкер.

Сонымен қатар, Ахметбек Нұрсила елімізде жаңа партия құратынын, ұйымға көп адам жинау үшін "хайпқа" баратындығын жасырған жоқ.

Еске сала кетсек, "Астарлы ақиқат" бағдарламасында Айгүл мен Бүркіт қонақ болып, өнер иелерінің лотерея ойнатуына қатысты пікір білдірген. Пікірталас кезінде Иманбаева кәсіпкер Ахметбек Нұрсиламен сөзге келіп қалады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856496-zelide-stalgan-videosy-tarady-ahmetbek-nrsila-okigany-zi-ojlap-tapkanyn-ajtty/

pixel