Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ҰБТ мен түлектер кеші қалай өтеді: Білім басқармасы жауап берді

Опубликовано:

Оңтүстік астананың білім басқармасы басшысы Ләззат Жылқыбаева бүгін онлайн-брифинг барсында мектеп оқушылары үшін ҰБТ мен түлектер кешінің қалай өтетінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Жалпы, Алматыда 9299 түлек бар, олардың 545-і – "Алтын белгіге" үміткер. 9-11 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестациялау жүргізілмейді, жылдық бағалар тоқсандық және жарты жылдық бағаларды ескере отырып қойылады.

Сондай-ақ 22 мамырда түлектерді кәсіби бағдарлау үшін "Балапан" мен "Ел Арна" телеарналарында таңғы 11-де біріңғай телесабақ өтеді.

25 мамыр күні 11.00-де оқушыларды білім министрі құттықтайды. Ал 1-10 сыныптарға арналған сынып сабақтары мен соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн режимде икемді кесте бойынша өтеді.

3-4 маусымда 11 сынып түлектеріне салтанатты түрде аттестат тапсырылады. Алайда, пандемияға байланысты аттестаттарды әр сыныпқа жеке-жеке беру ұсынылды. Сондай-ақ санитарлық шаралардың сақталуы жіті бақылауда болады.

"Түлектер кешін ұйымдастыру кезінде аниматорлар мен мерекелік агенттіктерді жалдауға, көліктерді жалға алып экскурсия ұйымдастыруға тыйым салынады.
Барлық мектептер 2019 жылғы қыркүйектен бері жан басына қаржыландыруға көшкен, соның шеңберінде көптеген тапсырмалар шешілуде, соның ішінде, мектептерді материалдық-техникалық жетілдіру. Осы орайда ақша жинауға жол берілмейтінін айта кеткен жөн", – деді Жылқыбаева.

Бұдан бөлек, ҰБТ өткізуге өтініштерді қабылдау үлгісі өзгерді, ол енді онлайн түрде жүргізіледі. Жалпы, ҰБТ тапсыруға қаладағы 190 мемлекеттік және 49 жеке мектептен 9047 түлек өтініш берді.

ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әдеттегі дәстүрлі форматта өтетін болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін аттестаттаудан өткен педагогтің жалақысына қанша үстемақы қосылатынын жазғанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856516-almatyda-bt-men-tlekter-kesi-kalaj-tedi-bilim-baskarmasy-zauap-berdi/

pixel