Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фируза Шарипова ана атанды

Жарияланған күні:

2020 жылдың басында қазақстандық боксшы Фируза Шарипова ана атанған. Бұл туралы спортшының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Фируза Шарипова ана атанды
Фото: Instagram/ Фируза Шарипова: Instagram

Боксшы арудың ана атанғаны жайында Шарипованың спарринг-серіктесі, ресейлік Анна Красноперова сұхбат барысында айтқан. Оның сөзінше, балалы болуы спортшының арманы болған екен.

"Мен Фирузамен 2016 жылы таныстым, ол кезде чемпион болмаған еді. Біз көп сөйлестік. Ол өте еңбекқор, мақсатына адал адам және қалағанына қол жеткізеді.
Фирузамен оның армандары жайлы сөйлескенде, ата-анасына және өзіне үй алғысы келетінін айтқан еді. BMW X6 көлігін де алуды қалаған. Қазір барлық арманы орындалды.
Бірақ, оның басты арманы әлем чемпионы атану болды. Нәтижесінде оған да қол жеткізді. Әлем титулдарына қол жеткізген соң ана атанғысы келді. Осы жылдың басында дүниеге сәби әкеліп, бақытты ана атанды.
Фирузаның жетістіктерін Геннадий Головкин бағаласа деген тілегі де болды. Оған чемпионның пікірі өте маңызды. Бірақ, менің білуімше, ол арманы орындалмады.
Сондай-ақ, Фируза өз еңбегі мен жеңістерін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та атап өтсе деп армандаушы еді. Әзірге ол да бола қойған жоқ. Бәрі алда деп ойлаймын. Қазір Фирузаның мақсаты - әлемнің абсолютті чемпионы атану. Оның қолынан келеді", - дейді Красноперова.

Айта кетейік, 2019 жылдың күзінде Фируза Шарипова әлеуметтік желіде қаржыландыру мәселесінен шаршағандықтан, бокстан кеткенін мәлімдеген болатын.

Биыл 15 сәуірде оның спорттық мансабын қайта бастағанын хабарланды.

Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы ресейлік Олимпиада чемпионы Софья Очигавамен реванш өткізуге дайындалып жатыр.

Кездесу 4 шілде күні Қазан қаласында RatelProFight промоутерлік компаниясы турнирі аясында өтеді деп жоспарланған. 10 раундтық жекпе-жек 58,9 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтпек.

Боксшы арулар Очигава иеленген IBA тұжырымдамасы бойынша атаққа таласады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856647-firuza-saripova-ana-atandy/