Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42 500 теңге ала алмаған қазақстандықтардың өтініштері қайта қаралатын болды

Опубликовано:

42 500 теңге тағайындалмаған ел тұрғындарының өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Министрік таратқан ақпаратқа сәйкес, бұрын "42 500 теңге" әлеуметтік төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет.

"Өтініш беріледі:

Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.

Өз бетінше – әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы  шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша жұмыс істейтін адамдар.

Растайтын құжаттар тізбесі:

Қызметкерлері үшін құжаттар беретін жұмыс берушілер үшін:

  • жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар;
  • жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);
  • мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).

ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:

  • мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан);
  • табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).

АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:

  • заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты.

Ведомство ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб "42 500 теңге" әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығаратынын мәлім етті.

"Оң қорытынды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бөлімшесіне беріледі, ол "Өтініш берушінің электрондық іс макетін" қалыптастырады және деректерді МӘСҚ филиалына береді.
МӘСҚ филиалы әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысымен немесе МӘСҚ филиалының шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші растайтын құжаттармен аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы арқылы облыстық (қалалық) штабқа жүгінеді. Облыстық (қалалық) штаб "42 500 теңге" әлеуметтік төлемін тағайындау құқығының бар/жоғы туралы қорытынды шығарады. Оң қорытынды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бөлімшесіне және одан әрі МӘСҚ филиалына беріледі", - делінген хабарламада.

Карантин талаптарын ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады.

Еске сала кетсек, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 11 мамырдан бастап 42500 теңгеге әлеуметтік төлемді алуға өтініш беру тоқтатылғанын мәлім еткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857281-42-500-tege-ala-almagan-kazakstandyktardy-tinisteri-kajta-karalatyn-boldy/

pixel