Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз жеткізді": Ақтөбе әкімі Асхат Шахаров мүгедектер арбасына отырды (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров мүгедектер арбасына отырып, жол сапасын тексерді. Әкім жарымжан жандардың шағымынан кейін мәселеге өзі көз жеткізуге бел буған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook
"Қазір Ақтөбеде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тротуарлар салу, абаттандыру жұмыстары жүруде. Бірақ, бұл жұмыстарға мүгедек жандар тарапынан ескерту жасалды. «Пандус ок» ЖШС басшысы, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Шахан Жолдасбаев қала әкіміне жолдардың мүгедектер арбасы үшін қолайсыз екенін жеткізді.
Асхат Шахаров өзі мүгедектер арбасына отырып, мүмкіндігі шектеулі жандар жүретін жерлермен жүріп өтіп, жағдайға көз жеткізді", – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook

Әйгілі әлем чемпионның мүгедектер арбасына отырғанын жерлестері әртүрлі қабылдады.

"Әкім бір айда 42500 теңгеге өмір сүріп көрсе екен", "Пиар, әкім үшін ұят", "Дені сау спортшы мүгедектер арбасына отырғанымен қиындықты сезінбейді" дегендер де, әкімнің бастамасына қолдау білдіргендер де табылды.

Қазіргі таңда қала бойынша 12 824 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 2180-і кәмелеттік жасқа толмағандар.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, 2019 жылы 289 жан мүгедектер арбасымен қамтылған. Бұл жұмыстар жоспар бойынша 2020 жылы 333 адамды қамтиды.

Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласының әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесу барысында той-томалақтарты доғаруды сұраған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857754-kz-zetkizdi-aktbe-kimi-ashat-saharov-mgedekter-arbasyna-otyrdy-foto/

pixel