Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда сотталған азамат түрмеде көптен күткен неке қию рәсімін өткізді (фото)

Опубликовано:

АП-162/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат екі ай бұрын үйлену тойына дайындала бастаған. Алайда елімізде төтенше жағдайға байланысты неке қию рәсімі кейінге қалдыруға тура келген. Бүгін ер адамның арманы орындалып, ол сүйіктісімен заңды некеге тұрды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

иииии
Фото: NUR.KZ: UGC

Түзету мекемесінің қызметкерлерінің айтуынша, үйлену тойы колонияда сирек болады. АП-162/3 мекемесіндегі бұл биыл болған алғашқы үйлену тойы. Олар мұқият дайындалғанын айтады.

Дегенмен наурыз айынан басталған дайындық төтенше жағдай жарияланған соң тоқтап қалған. Нәтижесінде мерекеден бас тартуға тура келген.

Қазір Павлодар облысында карантин шарасы әлі де күшінде, колонияларда кездесулер өткізілмейді.

Бірақ некені біраз уақыт күткен сотталушы бұл рәсімді өткізуді сұраған екен. 28 жастағы жігіт – оңтүстік өңірдің тумасы. Ол Нұр-Сұлтанда алаяқтық жасағаны үшін сотталғаннан кейін Павлодар колониясына жеткізілген. Ер азат өз бастығын алдағанын мойындап отыр.

иииии
Фото: NUR.KZ: UGC

Ал болашақ жарымен жазасын өтеп жүрген уақытта танысқан. Екі жастың бір-бірін табуына достары себепші болған екен. Басында телефон арқылы сөйлесіп жүрген қос ғашық кейін хат алмаса бастаған. Қарым-қатынастары қызқа мерзімді кездесулерге ұласып, ақырында олар неке қиюға бел буған.

"Шыны керек, ол өте әдемі. Менің осындағы жағдайымның қалай екенін ойлайтын ғашығым барына қуаныштымын. Сөйлескен сайын жақындай түсеміз. Енді біз отбасын құрамыз деп шештік, бір-бірімізді жақсы көретінімізді түсіндік әрі болашаққа сеніммен қараймыз", – дейді сотталған азамат.

Бүгін колония қызметкерлерінің көмегімен ғашықтар неке туралы құжатқа қол қойды. Олар мұны санитарлық нормаларға сәйкес жасаған. Жақын байланыс болмаған. Яғни неке қию рәсімі онлайн түрде өткен.

иииии
Фото: NUR.KZ: UGC

Бұл АХАЖ қызметкерлеріне шараны әдеттегідей өткізуге еш кедергі келтірмеді.

"Ұзақ мерзімді кездесулер 2 тәулікке дейін рұқсат етіледі, бірақ бұл жағдайда ерлі-зайыптылар бұл құқықтарын карантин аяқталғаннан кейін ғана пайдалана алады. Жеңілдетілген жағдайда жазасын өтеп жүргендер үшін бұл күндер әлі де бар. Бұл сотталушы үшін ынталандыру болмақ", – дейді АП-162/3 бастығының орынбасары Айбек Өресбаев.

Айта кетейік, алты жылға сотталған күйеу жігіттің бостандыққа шығуына үш жыл қалды. Ол жақында шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығатынына үміттенеді.

иииии
Фото: NUR.KZ: UGC

Бостандыққа шыққанда ол Екібастұзға баруды жоспарлап отыр, дәл қазір оның сүйіктісі сонда тұрады. Жұбайымен бірге жаңа өмір бастауға дайын екенін айтады.

Ер адам келіншегіне өз қолымен дайындаған раушан гүл түріндегі сыйлығын да тарту еткен.

иииии
Фото: NUR.KZ: UGC

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеуші Павлодар қаласында тұратын сүйіктісіне Skype арқылы үйленуге ұсыныс жасағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857887-pavlodarda-sottalgan-azamat-trmede-kpten-ktken-neke-kiu-rsimin-tkizdi-foto/

pixel