jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Біз бақыттымыз": Америкалықтар асырап алған қазақ қызы туған анасын тапты

: Instagram

АҚШ азаматтары асырап алған 20 жастағы Азия Бергер жақында қазақстандықтардан биологиялық ата-анасын іздеп табуға көмектесуді сұраған болатын. Енді бойжеткеннің анасын тапқаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азия Бергер. Фото: instagram.com/asia.saltanat
Азия Бергер. Фото: instagram.com/asia.saltanat: Instagram

Азия Бергер Қазақстандағы биологиялық ата-анасын іздеп жүргенін Facebook қолданушысы Талғат Аламановқа берген сұхбатында айтқан еді.

Айтуынша, оны 19 жыл бұрын Семейде асырап алған. Сондай-ақ ол биологиялық ата-анасының есімдерін де атап берген.

Көптеген желі қолданушылары ата-анасын іздеп жүрген қыздың оқиғасымен бөлісіп, ақпаратты барынша таратқан болатын. Соның арқасында бойжеткен ақыры мақсатына жетіп, туған анасын тапқан көрінеді.

Жақында ол өзі жариялаған посттың астына пікір қалдырып, онда өзінің өтінішіне бей-жай қарамай, қол ұшын созған жандарға алғысын білдірген. Сондай-ақ туған анасымен хабарласқанын жеткізген.

"Біз бақыттымыз! Көмектескендеріңіз үшін барлығыңызға рақмет", – деп жазды Азия.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Азия қазір Флоридада тұрады, отбасында екі бауыры бар. Колледжде өнер саласында оқиды.

Бойжеткеннің сөзіне қарағанда, оның биологиялық ата-анасының есімдері – Құралай және Қуат Ашқановтар. 2000 жылы туған Азияны 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған екен.

"Біз бақыттымыз": Америкалықтар асырап алған қазақ қызы туған анасын тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.