RU

Қуат Хамитов: Қазақстанда гейлер көп деп ойламаппын (видео)

Отандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов ЛГБТ қауымдастығының өкілдері туралы айтқан сөздеріне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуат Хамитов: Қазақстанда гейлер осыншама көп деп ойламаппын (видео)
Фото: Instagram/kuat_khamitov: UGC

Өткен айдың орта белінде спортшы әлеуметтік желіде дәстүрлі емес (жыныстық азшылық) топқа жататын адамдар туралы өте қатты сөйлеген болатын.

Оның сөздері тек қазақстандықтардың ғана емес, сонымен қатар ресейлік қолданушылардың арасында да кең тарап, пікірталас туғызды.

YouTube-тағы FIGHT NIGHTS GLOBAL TV арнасына берген сұхбатында спортшы өз сөзіне қатысты түсініктеме берді.

Ол өзін Қазақстанның патриоты санайтынын, ал дәстүрлі емес топтың өкілдері, оның пікірінше, отандық жастарды бұзатынын мәлімдеді. Спортшының айтуынша, адамдар салт-дәстүрді берік ұстануы керек.

"Мен Қазақстанда гейлер көп деп ойламадым", – деді Хамитов.

Сондай-ақ, ол кейбір ғалымдардың пікірінше ЛГБТ жетіспеушілік немесе ауру деген болжамға сүйенді.

Қуат Хамитов елде ЛГБТ идеясының насихатталуына қарсы шықты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әйгілі ММА спортшысы Қуат Хамитов өткен айда "Гарант 24 Ломбард" атты ұйымның жарнамасында пайда болды деп хабарланған болатын.

Содан кейін қолданушылардың көпшілігі Хамитовтан осы ұйымды жарнамалау арқылы адамдарды адастырғаны үшін кешірім сұрауын талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858273-kuat-hamitov-kazakstanda-gejler-kp-dep-ojlamappyn-video/