jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қырғыздар мен өзбектер шекарада қақтығыс ұйымдастарды

: UGC

31 мамыр, жексенбі күні Қырғызстанның Баткен облысындағы Өзбекстанмен шекаралас аймақта ондаған адамның қатысуымен қақтығыс болып, қырғыздардың Чечме және Өзбек Сох анклавының Чашма ауылдарының тұрғындары бір-біріне тас лақтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы AKIpress-ке сілтеме жасап.

Қызғыздар мен өзбектер шекарада жанжал туғызды
Фото: Jengish Aidarov / RFE/RL: UGC

Мұның бәрі қос ауыл (Чечме және Чашма) тұрғындары Чечме ауылындағы бұлақты тазартудан басталды. Судың қайнаркөзі тараптардың біріне тиесілі деген айыптауларға байланысты дау үлкен жанжалға айналған.

Оқиға орнына жергілікті билік өкілдері келді. Олар қақтығыстың өршуіне жол бермеу үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады.

Алайда екі жақ тас лақтыруын тоқтатпаған, екі тараптың билігі де өз аумағына шегінуге мәжбүр болды.

Қырғызстан вице-премьері Акрам Мадумаров шекара аймағында қырғыздар мен өзбектер арасында қақтығыс болғанын растады.

Тұрғындар арасындағы оқиға туралы Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының жергілікті билік органдары арасында келіссөздер жалғасуда. Бұл туралы 31 мамырда үкіметтің баспасөз қызметінде хабарлады.

Қызғыздар мен өзбектер шекарада жанжал туғызды
Фото: Jengish Aidarov / RFE/RL: UGC

Қырғыз Республикасы Үкіметінің Баткен облысындағы өкілетті өкілінің бірінші орынбасары Жарқынбек Мақсұтов, Кадамжай ауданының әкімі Алғынбай Имаров Ферғана облысының губернаторы Шухрат Ғаниевпен, Өзбекстан Республикасы Сох облысының әкімі шекаралас ауылдардың тұрғындары арасындағы оқиғаға байланысты келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша құқық қорғау күштері жұмылдырылған. Қақтығыста жараланғандар бары белгілі болды.

Еске сала кетсек, АҚШ билігі афроамерикалықтың қаза болуына байланысты жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты Вашингтон мен Колумбия округына ұлттық гвардияны енгізді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.