Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздардың макияжын маска жапты": Алматыда соңғы қоңырау қалай өтті (фото)

Опубликовано:

Елімізде биыл соңғы қоңырау шарасы жаңа форматта өтуде. Мәселен бұл жолы әдеттегідей түлектер вальсі болмады және бірінші сынып оқушысы қоңырау соққан жоқ. Ал қыздардың макияждарын маска жауып тұрған. Алайда, бұл шектеулердің өзі түлектердің ерекше әсерін баса алмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Twitter

Биыл соңғы қоңырау шарасы дәстүрлі түрде 25 мамырда емес, 3 маусымда өтті. Аттестат алып үлгермеген түлектер үшін салтанатты рәсім ертең болмақ.

Жаңа ережелерге сәйкес, мектеп ауласына дезинфекциялық туннельдер орнатылған.

Түлектер мен мектеп қызметкерлеріне қорғану құралдарын кию міндеттелген. Одан бөлек, олар қашықтықты сақтауы қажет.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Facebook

Бұл жолы соңғы қоңырау шарасы бірнеше кезеңнен тұрды. Аттестатты сыныптар кезек-кезекпен алды. Яғни аттест алатын жерде тек бір сынып қана болған. Ал арада бір сағат өткен соң келесі сыныптың түлектеріне берілген.

Түріксіб ауданында орналасқан №44 орта мектепті осы жылы 50 оқушы тәмәмдады. Олардың 12-сі "өте жақсы" деген бағамен оқу орнын аяқтаса, алтауы "Алтын белгіге" ие болған.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Twitter
"Түлектердің 20 пайызы авиация университетіне түседі. Биыл әдеттегідей үздік түлектер мектепті аяқтады. Бізде мұғалімдердің құрамы мықты, барлық оқытушылар жоғары, бірінші санатты және көп жылдық тәжірибелері бар. Бізде оқушыларға беретін білім сапасы жоғары. Осы жылы 12 үздік түлек бар, соның алтауы - "Алтын белгі" иегерлері.
Түлектер арасында қалалық және республикалық деңгейдегі "Дарын" ғылыми жарыстарының 12 жүлдегері бар. 5 оқушы қалалық және республикалық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен қатысушылары", - дейді гимназия директоры Зоя Қойшыбаева.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Facebook

Оқушылар карантин аяқталған соң түлектер кешін өткізуді өткізу жоспарда бар екенін де жасырмады.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Instagram

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Twitter

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Twitter

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Twitter

Соңғы қоңырау шарасы мектеп түлектерінің аспанға шар ұшыру рәсімімен аяқталды.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Instagram

Еске сала кетсек, осыған дейін онлайн брифинг кезінде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус пандемиясына байланысты соңғы қоңырау шарасы ерекше форматта маусым айының басында өтетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858696-kyzdardy-makiazyn-maska-zapty-almatyda-sogy-koyrau-kalaj-tti-foto/

pixel