RU

Әбдіқалықова 100 жасқа толған ардагер Бөрібай Құлмановты құттықтады

6 маусым күні Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ұлы Отан соғысының ардагері Бөрібай Құлмановты 100 жасқа толу мерейтойына орай құттықтады.

Әбдіқалықова 100 жасқа толған ардагер Бөрібай Құлмановты құттықтады
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі: Twitter

Өңір басшысы ғасыр куәгеріне Сыр жұртшылығының жылы лебізін жеткізді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰлыЖеңіс мерекесі қарсаңында "Ардагерлер туралы" заңды қабылдап, аға буын өкілдерінің мәртебесінкөтеріп, әлеуметтік қорғалуына ерекше мәнберді. Сіздің жасыңыз бен жолыңызды жас ұрпаққаберсін. Ұрпағыңызбен мың жасап, алдымызда жөнсілтер ақылшымыз болып жүре беріңіз! " ,- деді облыс әкімі.

Әбдіқалықова мерейтой иесіне құттықтау хатын табыстап, қазақи дәстүрден жаңылмай шапан жапты.

Шараға Тұрғанбай Маханов, Әріп Қожбанов сияқтыеңбек ардагерлері және шәкірттері қатысып мерейтойиесін құттықтады.

Әбдіқалықова 100 жасқа толған ардагер Бөрібай Құлмановты құттықтады
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі: Twitter

Бөрібай Құлманов 1920 жылы 6 маусымда Қостанай облысында дүниеге келген. 

Жастайынан жоқшылықты көрген ол жеті жылдық мектептен кейін, 1934 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумынагроном мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Қызылорда облысы Сырдария ауданының ауылшаруашылығы бөлімінде бастаған. 1940 жылы Мәкеудегі әскери училищеге курсант болып қабылданып, 1941 жылғы 1 мамырда Қызыл алаңда өткен әскери шеруге қатысады.

Сол жылы лейтенант шенінде, минометшілер ротасының командирі болыпмайданға аттанады. Ұлы Жеңісті Германияның Штеттин қаласында қарсы алады. Соғыс аяқталған жылы ерекше тапсырмамен Қытайдағы Синцъзяньпровинциясында қызмет атқарады.

Бөрібай Құлманов майдандағы ерлігі үшін "1-ші дәрежелі Отан соғысы", "Қызыл жұлдыз"  ордендерімен және көптеген медальдермен марапатталған. 

Облыстың экономикасын, мәдениеті мен ауылшаруашылығын дамытуға қосқан үлестері үшін "ЕңбекҚызыл Ту", "Құрмет белгісі", "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, облыс әкімінің (2015 жыл) Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті азаматы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859221-bdikalykova-100-zaska-tolgan-ardager-bribaj-klmanovty-kttyktady/