Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аида Балаева қысқа юбка киген қыз туралы даулы видеороликке пікір білдірді

Опубликовано:

Бірнеше күн бұрын қысқа юбка киген қыз туралы қысқаметражды фильм әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Көптеген желі қолданушылары роликтің авторын сынға алды. Бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева аталған видеороликке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Әр қыз бала менің қарындасым" фильмінен кадр, Аида Балаеваның facebook парақшасынан
Фото: "Әр қыз бала менің қарындасым" фильмінен кадр, Аида Балаеваның facebook парақшасынан: Facebook

Ведомство басшысы Facebook парақшасында осы мәселеге байланысты пост жариялады.

Ол Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін, сондықтан Конституция барлық азаматтарға бірдей құқық, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге кепілдік беретінін атап өтті.

"Оның ішінде біз әлеуметтік желілердегі біреудің ар-намысына тиетін түрлі жазбалар туралы айтып отырмыз. Бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жасалған бейнебаянға да қатысты. Жергілікті идеологтар мемлекетіміздің басты басымдықтарын ұмытпай, бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек деп санаймын.
Әкімдіктер жанынан арнайы жұмыс топтары құрылып, олар мемлекеттік тапсырыспен жасалатын өнімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланбас бұрын егжей-тегжейлі талдап, іріктеп алғаны дұрыс", – деп түйіндеді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандық эстрада жұлдызы Тоқтар Серіковтің іш киіммен бауырсақ пісірген Шырын Нарчаеваны сынға алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859237-aida-balaeva-kyska-ubka-kigen-kyz-turaly-dauly-videorolikke-pikir-bildirdi/

pixel