jitsu gif branding logo appbranding logo app

Армения ауруханаларында коронавирус жұқтырғандарға орын жетіспеуде

: UGC

Арменияда коронавирус инфекциясын жұқтырған 200-ге жуық жергілікті тұрғынға шұғыл медициналық көмекке қажет деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Арменияда 13 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Бұл 3 миллионға жуық халқы бар мемлекет үшін үлкен көрсеткіш.

Елде 9 медициналық мекеме арнайы құралдармен жабдықталып, коронавирус жұқтырғандарды емдеумен айналысып жатыр. Бірақ ондағы 2 мың орынның өзі жеткіліксіз болып тұр.

Өзінен де коронавирус анықталған елдің премьер-министрі Никол Пашинянның айтуынша, Армения коронавирусқа қарсы күреске барлық күшін жұмылдырған.

"Бірақ соның өзінде қазір ауруханалар лық толып, жаңа науқастарды қабылдай алмай жатыр. Тіпті медициналық көмекті күтемін деп кейбіреулер көз жұмады. Бұған қоса, 2 науқас реанимация бөлімінде орын жетіспеуілігі салдарынан қайтыс болды", - дейді ол.

Жалпы, Арменияда коронавирустан көз жұмғандар саны 200-ге жуықтаған.

Сонымен қатар, елде білікті дәрігерлер тапшылығы да байқалып жатқаны анықталған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Арсен Торосян басқа ауруханалардағы мамандарды короновирусқа қарсы күреске шақырды.

Сондай-ақ, бірқатар емханада дәл осы науқастарды қабылдауға қосымша орындар дайындалып жатыр.

"Өкінішке қарай, соңғы кезде коронавирус зардабы күшейді. Өйткені алдыңғы уақытта бізде жеңіл және орташа ауыр жағдайлар ғана тіркеліп жүрген. Ал қазір науқастардың басым бөлігі ауыр, тіпті аса ауыр халде", - дейді инфекциялық аурухана директоры Мгер Давидянц.

Коронавирустың өршуіне байланысты Армения билігі елді қайтадан карантинге жабу мәселесін қарастырған. Бірақ оның экономикаға кері әсерін ескере отырып, қатаң шараларды қолға алмаған көрінеді.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, әлемде 7 миллион адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Армения ауруханаларында коронавирус жұқтырғандарға орын жетіспеуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.