RU

"Қор қылды": Бет әрлеуші қазақ жігіті орамал тағып, елдің ашуын тудырды (видео, фото)

Әлеуметтік желіде ерекше образымен танылған бет әрлеуші жігіт бүгінде халықтың қаһарына ұшырады. Көпшілік оның ер азамат бола тұра басына орамал тартып жүргеніне шүйлікті. Алайда, Мұхаммед орамалды ел ашуын тудыру мақсатында емес, "қазақ әйелдеріне сабақ болсын" деген оймен таға бастағанын айтып, ағынан жарылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Instagram

Атышулы орамалды жігіт Instagram желісінде Мakeupmengold ретінде танымал болып кетті. Оны өзге бет әрлеуші жігіттерден басты ерекшелігі де сол орамалда болса керек.

Мұхаммед "Ойбай Show" бағдарламасына арнайы сұхбат беріп, мұндай образда ел алдына шығуына не себеп болғанын айтып берді.

Ол бұл әрекетімен қазақ әйелдерінің орамал тартуды ұмыта бастағанын көрсеткісі келген.

"Мен макияж жасап жатқанда көбінесе басыма орамал тағып түсемін. Себебі, бұрында негізі қазақ әйелдері үнемі орамал тағып жүрген. Әрқашан бастарынан шешпеген.

Қазір мен әйелдердің басынан орамалды өте аз көремін. Соны мен көрсеткім келді. Қазіргі таңда қазақ әйелдері орамал мүлдем тақпайтынын көрсетпек болдым. Өздері мені көріп, орамалды естеріне түсірсе екен деген ниетпен.

Маған көптеген жағымсыз пікірлер жазылып жатыр. Көбісі "орамалды қор қылдың", "Не үшін тақтың? Жігітсің бе өзі?" , "Шеш" деп жазады. Бірақ, мен әр адамға түсіндіріп өтемін.
Мен әйелдер қауымының орамалды ұмытқанын көрсеткім келді. Қорлау деп есептемеймін. Макияж жасап жатып, ойда-жоқта орамал тағу ойыма келді. Солай таға салдым" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859371-kor-kyldy-bet-rleusi-kazak-zigiti-oramal-tagyp-eldi-asuyn-tudyrdy-video-foto/