Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы блок-бекетіндегі жол апатынан аман қалған полицей есін жиды

Опубликовано:

Алматы маңындағы блок-бекеттегі жол апатынан аман қалған тәртіп сақшысы Ербұлан Сейдазым есін жиды. Қазір полицейдің жағдайы жақсы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы блок-бекетіндегі жол апатынан аман қалған полицей есін жиды
Фото: Әсет Құндақбаев, Алматы қалалық ПД: Getty Images
"Жақсарып келеді. Есін жиды, сұрақтарға жауап береді. Уақытты, өзі жатқан орынды біледі. Бас ауруы және бас айналуы түріндегі орташа жалпы ми синдромы сақталуда. Қозғалысында сал ауруының белгілері байқалмайды. Белсенділігі артуда. Палатада өздігінше қозғалып жүр",- деді Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Айта кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін қиған жол апаты 25 мамыр таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі әуелі бетон қоршауға, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан еді. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Күні кеше Дастан Абдықановтың жары күйеуіне арнап әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды.

Полиция қызметкерлері қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысты істі министр өз бақылауына алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859381-almaty-blok-beketindegi-zol-apatynan-aman-kalgan-policej-esin-zidy/

pixel