Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басы мен екі қолы жоқ": Оралда өзеннен әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

Оралда өзеннен басы мен екі қолы жоқ әйелдің денесі табылды. Оның суға аққан дене мүшелері екі күннен бері іздестіріліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, 41 жастағы келіншек шомылып жүріп, моторлы қайықтың астында қалып қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ телеарнасы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com және видеодан кадр/КТК телеарнасы
Фото: pixabay.com және видеодан кадр/КТК телеарнасы: Instagram

Қайғылы оқиға сенбі күні түнгі 23.00 шамасында Шаған өзенінде орын алған.

Телеарна таратқан мәліметке сенсек, әйел су көлігінің астына түсіп қалуы мүмкін. Оның денесін винт бөлшектеп турап тастаған. 41 жастағы тұрғынның басы мен екі қолы әлі табылмағаны белгілі болды.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлім етті.

"Қайықтан құлап кетті ме, әлде шомылып жүрген жерінен үстінен басып өтті ме, ол жағын полиция анықтайды. Ал біз марқұмның дене мүшелерін ісдестіріп жатырмыз. Айта кетейін, осыған ұқсас жағдай 5-маусымда да болған", - деді ол.

Моторлы қайықтың кімге тиесілі екені де беймәлім. Оның қожайыны жантүршігерлік жағдай орын алған жерден қашып кеткен көрінеді. Содан бері табылмай жатыр екен.

Қазіргі кезде күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар дерекке қатысты іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. 

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859436-basy-men-eki-koly-zok-oralda-zennen-jeldi-denesi-tabyldy/

pixel