"Тамаша табыс": Тоқаев US Open-де жеңіске жеткен Рыбакинаны құттықтады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. 27 жастағы қазақстандық спортшы мансабындағы үшінші "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.
"Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз.
Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге", – делінген құттықтауда.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2426754-tamasha-tabys-toqaev-us-open-de-zhengiske-zhetken-rybakinany-quttyqtady/
