Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та қара нәсілді шіркеу өкілдерінің аяғын жуғандар жұрттың ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

АҚШ-тағы ақ нәсілді америкалықтардың қара нәсілді діни қызметкерлердің аяғын жуып, Құдайдан нәсілге бөлінгені үшін кешірім сұрап мінажат еткен видеосы Twitter-де қызу талқыға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Medialeaks.ru cайтына сілтеме жасап.

АҚШ-та ақ нәсілділер қара нәсілді шіркеу өкілдерінің аяғын тізерлеп жуып, халықтың ашуына тиді
Фото: medialeaks.ru: UGC

Кэри қаласының шіркеу өкілдері 7 маусымда полиция тұтқындауынан кейін қайтыс болған Джордж Флойдты еске алу мақсатында бейбіт шеру өткізді.

Оған басқа шіркеулердің өкілдері мен полиция жиналды деп хабарлайды ABC 11.

Іс-шара кезінде шеруге қатысқан бірнеше ақ нәсілді адам тізерлеп тұрып, шіркеудің қара нәсілді көшбасшыларының аяғын жуған. Оқиға орнында болған америкалықтар олардың іс-әрекетін видеоға түсіріп, Twitter мен Facebook-ке жариялаған.

Олардың бірінде ақ нәсілділердің іс-әрекеті анық көрінбейді. Алайда ер адамдың сөйлеген сөзін жақсы естуге болады. Олар Құдайдан АҚШ-тағы қара нәсілділерге және басқа ұлт өкілдеріне қысым көрсеткені үшін адамдарды кешіруін сұраған.

"Сіздерге жасаған жамандығымызды кешіріңіздерші. Сіздерді көрген кезде қорыққанымыз үшін кешіріңіздерші. Біздің сіздерге деген өшпенділігімізді, күдікшілдігімізді кешіріңіздер", - деді ол.

Кэри іс-шарасындағы әрекетті діни қызметкерлерге деген кішіпейілділік пен сүйіспеншіліктің көрінісі ретінде түсіндіруге болады.

Алайда мәселе нәсілшілдікке қатысты болғандықтан, ақ нәсілді адамдар Құдайдан және қара нәсілді адамдардан қудалағаны үшін кешірім сұраған.

Twitter қолданушыларының көпшілігі видео астында сыни пікірлер қалдырған.

Кейбір діни адамдар рәсімнің түп тамырын ескере отырып, адамдардың іс-әрекетін ақтағанымен, олардың діни қарсыластары қарсылық білдірген.

Тіпті видеоны көрген қара нәсілді адамдар да теріс пікір қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859659-aks-ta-ak-nsildiler-kara-nsildi-sirkeu-kilderini-aagyn-tizerlep-zuyp-halykty-asuyna-tidi/

pixel