Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда 80 жастағы ақсақал алғаш рет туу туралы куәлік алды

Опубликовано:

Өзбекстанда Андижан облысы Ходжаабад ауданы тұрғыны, 80 жастағы Обиджон Абдунабиев алғаш рет туу туралы куәлік пен төлқұжат алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанда 80 жастағы ақсақал алғаш рет туу туралы куәлік алды
Көрнекі фото: centralasia.media: UGC

Обиджон Абдунабиев 1940 жылы Ходжаабад ауданында дүниеге келген, бірақ осы уақытқа дейін жеке тұлғасын растайтын құжаттары болмаған.

Соның кесірінен қарияның көпжылдық жұмыс өтілі есепке ілінбеген. Қазір ақсақал зейнетақы ала алмай отыр.

Обиджон Абдунабиев 65 жыл бұрын құжаты болғанын, бірақ оны жоғалтып алғанын айтып отыр. Аудан тұрғыны құжатын қайта қалпына келтіруге тырысқанымен, нәтиже шықпаған көрінеді.

"Тексерістер Обиджон Абдунабиевтің үйде туғанын, әкесі 1942 жылы соғысқа аттанып, 1943 жылы майдан алаңында қаза тапқанын растап отыр. Сол үшін оған туу туралы куәлік берілмей қалған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы көші-қон қызметі құжаттарды, соның ішінде жеке куәліктерді беруге, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі балалармен бірге шетелге шығу ережелеріне енген кейбір өзгерістер туралы хабарлады.

Сонымен, өткен жылдың қарашасында қабылданған жаңа заңға сәйкес, енді қазақстандықтар жеке куәлігін жоғалтып алған жағдайда уақытша құжат ала алмайды. Полицияның хабарлауынша, оларға бірден стандартты куәлік беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859951-zbekstanda-80-zastagy-aksakal-algas-ret-tuu-turaly-kulik-aldy/

pixel