Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылағың келеді": Ақтаудағы саябақта күймеге жегілген ат есінен танып қалды (фото, видео)

Опубликовано:

14 маусымға қараған түні Ақтаудағы саябақтардың бірінде күймеге жегілген жылқы есінен танып қалды. Куәгерлердің айтуынша, оған ыстық күнде тынымсыз жұмыс істеуі себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жылағың келеді": Ақтаудағы саябақта күймеге жегілген ат есінен танып қалды (фото, видео)
Фото: Lada.kz, Видеодан кадр: UGC
"Бұл жылқылар тәулік бойы адамдарды тасып, соңында есінен танады. Иелерінің ойында не бар екенін білмеймін. Барлығы менің көз алдымда болды. Жануар қимылсыз жатты. Әркім әрқалай көмектесе бастады. Бірі литр су әкелсе, екіншілері жылқыны белдік, темір, арқаннан босатып жатты. Ол 40 минуттан кейін есін жиды. Жылағың келеді. Осыған қашан тыйым салады?",- деді жергілікті тұрғын Алпамыс.

Куәгерлердің сөзінше, оқиға орнына полицейлер келіп, адамдарды тарқатқан. Демалушылар күймеге жегілген жылқылар 40 градус ыстықта 19:00- ден бастап түн ортасына дейін жұмыс істейтінін айтады.

Ал саябақтағы жылқы иелері жануардың тайып құлағанын айтып отыр. Олар осыған дейін жағалау аумағында жұмыс істегенін және мұндай жағдайға кезікпегенін жеткізді.

"Жылқының тағасы тас төсеуішке арналмағандықтан, ол тайып құлады. Күймеге жегілгендіктен, орнынан тұра алмады. Оған зиян келтірмес үшін үстінен барлығын алып тастап, демалуға уақыт беріп, содан кейін тұрғызу керек еді. Біз жағалауға қайтаруы үшін әкімдікке талай рет өтініш жаздық, бірақ жауап жоқ. Ол бізде 19:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді, бірақ күнде емес. Егер қаласаңыздар, оған атқорада қалай күтім жасайтынымызды көрсете аламыз", -деді иелері.

Желі қолданушылары жылқы иелерінің сөзіне күмәнмен қарап отыр. Олардың пікірінше, аттың күші сарқылған.

Ал тұлпар иелері аталған оқиғаға дейін бір күн бұрын жылқының бейнебаянға түскенін айтып, видео да жолдады.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда екі жасөспірім күшікті тірідей өртеп жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860399-zylagy-keledi-aktaudagy-saabakta-kjmege-zegilgen-at-esinen-tanyp-kaldy-foto-video/

pixel