Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрмысқа шықпай тұрып та ұрды": Күйеуі аяусыз сабаған әйел мұңын шақты

Опубликовано:

Жұбайының құйтырқы әрекеті мен шатақ мінезінен шаршаған келіншек әлеуметтік желіде сырын ашты. Оның айтуынша, күйеуі оған ұдайы қол көтеріп, отбасының берекесін қашырады екен. Ер азамат тіпті келіншекті басынан да тепкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Басымнан тепті": Күйеуінен ұдайы соққы көріп жүрген келіншек жан-сырын ақтады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Zhenskaya_blogika парақшасының оқырманы өз хатында басынан өткен жайттармен бөлісті.

"Тұрмыс құрғаныма үшін жыл болды. Оның алдында жан-жарыммен екі жыл қыз-жігіт болып кездесіп жүрдік. Оны құлай сүйдім бе, білмеймін. Тұрмысқа шықпай тұрып бірнеше рет маған қол көтерді, ал мен бәрін кешіре бердім", - деді ол.

Келіншек кезекті жанжал кезінде күйеуінің оған қол көтеріп қана қоймай, соққы астына алғанын да сөз етті. Абырой болғанда, ата-енесі араша түсіп, әйелді құтқарып қалған.

"Ол менің өмірімдегі алғашқы жігіт еді. Онымен алғаш рет жақындастым, сондықтан болуы керек, тұрмысқа шығуға мәжбүр болдым. Екеуіміз үйленгеннен кейін ұлды болдық.
Десе де, күйеуім маған қол көтеруін қойған жоқ. Бір күні тіпті, аяғымен басымнан теуіп жіберді. Ата-енеммен бірге тұрамыз, ол кісілер болмағанда күйеуім мені сау-тамтығымды қалдырмай сабап тастар еді", - деп ағынан жарылды автор.

Келіншектің сөзінше, құмар ойындарының жетегіне ерген күйеуінің қарызын төлеп, несиені жабу үшін ол бір жастан асқан баласын үйде қалдырып, жұмысқа шығуға мәжбүр болған.

"Жұбайым барлық ақшамызды ұтыс ойындарына тігіп тастаған соң, несиемізді уақытында төлеп тұру үшін мен жұмысқа шығуға мәжбүр болдым. Бүгінгі таңда ұлымды алып, анама кетіп қалдым. Күйеуімнің маған деген қатыгездігін түсіне алар емесін", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық арудың жігіті аяусыз ұрғанын айтып, жұрттан көмек сұрағаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860405-basymnan-tepti-kjeui-nemi-sokkyga-zygyp-zrgen-kelinsek-zan-syryn-aktady/

pixel